Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды
Сурет: Zakon.kz
Сот алқасының шешімімен Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты бұған дейін шығарылған үкім өзгеріссіз қалдырылды.
Бұған дейін сотталғандардың адвокаты Асланбек Дәулетияров бірінші сатыдағы соттың үкімінің күшін жоюды, Алашбаева Ғайни мен Қайрат Перизатты айыпталған барлық баптары бойынша ақтауды, сондай-ақ азаматтық талаптарды қанағаттандырудан бас тартуды сұрағаны хабарланған болатын.
Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қылмыстық тергеу органымен алаяқтықтың үш эпизоды бойынша (190-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы), сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы ірі мөлшердегі ақшаны (218-бабы 2-бөлігі, 1-тармағы) (218-бабы 3-бөлігі, 3-тармағы) бірнеше рет заңдастырды деген айып тағылды.
Сот Перизат Қайратты 10 жылға, Ғайни Алашбаевты жеті жылға бас бостандығынан айырды.
Перизат Қайраттың ісі бойынша негізгі сот талқысы 2025 жылғы 14 шілдеде Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында басталды. Ол алаяқтық жасады және қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстатты деп айыпталды. Процестің басында прокурорлар оның заңсыз жолмен тапқан ақшаны нақты қайда жұмсағанын айтты. Сотта куәгер Перизат Қайрат кәсіпкерлер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек ретінде берген ақшаны қытайдың ала сөмкесімен бірге алып жүргенін айтты.