ІІМ қыз алып қашуды уағыздайтын әндер туралы: Әр контент бойынша баға беретін боламыз
Сурет: freepik
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов 2025 жылғы 13 қазанда ведомство дәлізінде журналистерге берген сұқбатында Қазақстанда заңсыз музыкалық контенттерге тыйым салыну-салынбауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Журналистер биыл қалыңдық ұрлауға тыйым салатын заң нормасы қабылданғанын еске салды. Алайда, олардың айтуынша, Қазақстанда қылмыстың осы түрін насихаттайтын әндер өте көп. Олар "осы сипаттағы композицияларға тыйым салынуы мүмкін бе" деп сұрады.
"Егер әннің мазмұнында, яғни әннің сөздерінде зорлық-зомбылыққа, күштеуге шақыру түрінде насихат болса, онда біз оны қарастыратын боламыз. Жалпы, реакция болуы керек, біз мониторинг жасайтын боламыз. Егер ол арада "күшпен көндіремін" немесе "күштеймін" деген сөздер болса, онда бұл дұрыс емес. Әр контент бойынша бағалау жүргіземіз", - деп түсіндірді Ержан Сәденов.
8 қазанда депутат Мұрат Әбенов 2025 жылы қалыңдықты ұрлағаны үшін жазаның қатаңдату бойынша енгізілген норманың тиімділігіне қатысты түсініктеме берген болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript