Ақсудың құрылыс бөлімінің басшысы мердігермен бірге бюджеттен 291 млн теңге жымқырған
Сурет: Zakon.kz
2024 жылы Ақсу қаласының прокуратурасы төрт дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы бойынша орындалған жұмыстар актілеріне заңсыз қол қойылғанын анықтаған. Тергеу барысында арнайы прокурорлар мемлекетке 290 миллион теңгеден астам шығын келтірілгенін әшкерледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2025 жылғы 3 қазанда Ақсу қаласының мамандандырылған ауданаралық соты аса ірі көлемдегі бюджет қаражатын талан-таражға салу ісі бойынша үкім шығарды. Айыпталушылар орындығында Ақсу қаласының құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы мен мердігер компания өкілі отырды, екеуі де 7 жыл бас бостандығынан айырылды. Бұл сот процесі өзгелерге ескерту сипатына ие болып, оған мемлекеттік органдардың басшылары қатысты", делінген 2025 жылғы 13 қазандағы облыстық прокуратура хабарламасында.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Астанада 2025 жылғы 13 қазанда кондитер Нұршат Ақбергенованың блогер Аселина Батырдың үстінен түсірген азаматтық талап-қою арызы бойынша негізгі сот талқысы өз жалғасын тапты. Дауға түрткі - 600 мың теңгенің торты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript