Бейбіт кезеңдегі сарбаздар өлімі: ІІМ төтенше жағдайға жол бергендерді жазалауды талап етті

Сарбаз, суицид, әлімжеттік, әскер, ІІМ, Санжар Әділов, түсініктеме, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2025 19:30 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов 2025 жылғы 26 қарашада Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында әскердегі сарбаздардың қаза болуы фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істерге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Санжар Әділов қылмыстық істерді тергеу толық көлемде жүргізіліп жатқанын, олар Бас әскери прокуратураның қадағалауымен жүзеге асыратынын атап өтті.

"Бұл істер Бас прокуратураның алаңында он күн сайын тыңдалады. Әрбір сарбаздың, әскери қызметшінің қазасы бойынша біз міндетті түрде қылмыстық іс тіркейміз. Қайсар Сұлтан ісі бойынша тергеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта жәбірленуші тараптың қосымша сараптамалар тағайындау туралы өтініші қанағаттандырылды. Біз қаза тапқан сарбаздардың ата-аналарымен тығыз жұмыс істейміз", - деді Санжар Әділов.

Оның айтуынша, әрбір қылмыстық іс бойынша жан-жақты тергеу жүргізіп, олардың нәтижелерін күту керек.

"Барлық осы қылмыстық істер бойынша міндетті түрде әскери бөлімдердің қолбасшылығына, тікелей тиісті әскери бөлімшенің бас комитетіне төтенше жағдайға, оның ішінде бейбіт уақытта өз-өзіне қол жұмсауға, сарбаздардың қаза болуына жол берген адамдарды қатаң тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгіземіз", деп сөзін түйіндеді Санжар Әділов.

18 қыркүйекте Алматы облысындағы әскери бөлімдердің бірінде 19 жастағы сарбаз асылып тұрған жерінен табылды.

19 қыркүйекте Абай облысында Аягөз гарнизонының әскери офицер өз-өзіне қол жұмсады.

23 қыркүйекте Жетісу облысында мерзімді әскери қызметші қарудан жараланып, қаза тапты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: