Атырауда жекеменшік мектепте қыз бала басынан жарақат алды - полиция түсініктемесі

Ақ дәке, оқушы, Атырау, жекеменшік мектеп, Тағылым, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2025 19:57 Сурет: freepik
Атырау қаласындағы "Тағылым" жекеменшік мектебінде оқушылар арасындағы жанжал болып, қыздардың бірі басынан жарақат алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желіде басына ақ дәке танған қыздың суреті тарауда. Жәбірленушінің үлкен әпкесінің айтуынша, бала алдымен отбасына жай ғана аяғы тайып, унитазға басын соғып алғанын айтқан, бірақ кейін өзін басқа оқушылар итеріп жібергенін мойындаған.

"Мұның бәрін жасырып, ешкім білмес үшін қан еденді жуған. Әпкесінің айтуынша, бүкіл сыныптағыларға ешкімге ешнәрсе айтпау бұйырылған", - дейді туыстары.

Отбасы бұл туралы түнде басқа ата-анадан білген.

Zakon.kz редакциясы түсініктеме алу үшін Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне жүгінді.

"Атырауда қала мектептерінің бірінде 11 сынып оқушысына дене жарақатын келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті анықталды. Оның заңды өкілдерінің қатысуымен сұрақ-жауап алынды, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттерінің кешені орындалуда", - деді ведомстводан.

Құқық қорғау органдарына уақтылы жүгінбегені үшін сынып жетекшісі мен мектеп директорына қатысты іс материалдары Атырау облыстық білім беру саласындағы Сапаны бақылау департаментіне жолданғаны да нақтыланады.

"Құқық бұзушылыққа жол берген кәмелетке толмаған ішкі істер органдарына есепке қойылды, ал оған қатысты жиналған материалдар кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияда қаралатын болады", делінген полиция түсініктемесінде.

Айта кетсек, 2025 жылы 6 қазанда Ақтөбеде 9-сынып оқушысын өлімші етіп сабаған атышулы іске қатысты сот үкімі шықты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: