ДКК мүгедектігі бар адамдардың инватакси қызметіне мұқтаждығы туралы қорытынды беретін болады

Инватакси, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 14:43 Фото: gov.kz
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі 2025 жылғы 24 желтоқсандағы бұйрығымен дәрігерлік-консультациялық комиссияның (ДКК) қызметі туралы ережеге толықтыру енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ДКК қызметі туралы ереже мүгедектігі бар адамның инватакси қызметтеріне мұқтаждығы туралы медициналық қорытынды беруді көздейтін тармақпен толықтырылды.

Аталған қорытынды мүгедектік белгіленген мерзімге беріледі.

Бұйрық 2026 жылғы 11 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: