Қазақстанда сыра мен сыра сусындарына цифрлық таңбалау енгізіледі

Маркировка товаров, маркировка товара, штрихкод, штрихкоды, код товара, серийный номер, код проверки, сканер для маркировки, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2026 14:18 Фото: Zakon.kz
Қазақстанда 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сыра мен сыра сусындарына кезең-кезеңімен цифрлық таңбалау енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өндірушілер мен импорттаушылар тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркелу мүмкіндіктерімен және жүйенің жұмысымен өндірістік стенд арқылы таныса алады.

Аталған жүйе өнім туралы мәліметтерді көрсетуге, сондай-ақ өндіріс пен логистикада Data Matrix кодтарын қолдануға байланысты процестерді қолдауға арналған.

Цифрлық таңбалау келесі мерзімдерде енгізіледі:

  • 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап – кегтер мен бөтелкелердегі өнімдер үшін;
  • 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – темір қалбырдағы (банкадағы) өнімдер үшін.

Аталған мерзімдерден кейін шығарылатын барлық өнім айналымға енгізілген кезде Data Matrix кодтары арқылы Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркелетін болады.

Бұған дейін Қазақстанда сыра, мотор майлары және өзге де өнімдер таңбаланатыны хабарланған еді. Таңбалау қағидалары 2025 жылғы 7 қарашада бекітілген.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: