Кедендегі даулы іске қатысты экс-шенді Испаниядан Қазақстанға экстрадицияланды
Сурет: pexels
Тергеу нұсқасы бойынша, ол 2020 жылы кеден органдарының қызметкері бола отырып, ақпараттық дерекқорға жалған мәліметтер енгізу арқылы сегіз автокөліктің иелерін бюджетке төленуге тиіс кедендік баждардан заңсыз босатқан деп күдікке ілінген. Келтірілген залалдың жалпы сомасы 45 миллион теңгеден асады.
Күдікті үш жылдан астам уақыт бойы қылмыстық қудалау органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болған, кейін Испания аумағында ұсталды.
Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.
Өзіне тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, жеті жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Бұған дейін Алматының элиталы ауданынан құқық қорғау органдары қызметкерлеріне пәтер берілгені-берілмегеніне қатысты ІІМ-нің берген ресми түсініктемесін жариялаған болатынбыз.