ІІМ ел азаматтарына "Қазақтелеком" атын жамылушы алаяқтар пайда болғанын ескертеді

Интернет алаяқтық, Қазақтелеком, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 18:53 Сурет: pexels
Ішкі істер министрлігінің сайтында Шығыс Қазақстан облысында зиянды қосымшалар арқылы ақша ұрлау фактілерінің жиілеп кеткені туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция мәліметінше, ел азаматтарына алаяқтар қоңырау шалып, өздерін "Қазақтелеком" қызметкерлері ретінде таныстырады. Байланыс қызметіне жасалған келісімшарттың мерзімі аяқталғанын хабарлайды немесе "ерекше" жеңілдіктер ұсынады. WhatsApp мессенджері арқылы "деректерді жаңарту" немесе "жеңілдікті іске қосу" үшін сілтеме жібереді.

Сілтеме арқылы өткеннен кейін телефонға зиянды файл (APK) жүктеледі. Оны орнатқан сәттен бастап қылмыскерлер сіздің банк қосымшаларыңыз бен жеке деректеріңізге толық қашықтықтан қол жеткізеді.

Шабуыл белгілері - телефон қатты қызып кетеді, экран бұғатталып немесе басқару командаларына жауап бермей қалуы мүмкін.

Мұндай жағдайда:

  • Телефонды қуат батырмасын ұзақ басу арқылы мәжбүрлеп өшіріңіз.
  • SIM-картаны шығарып, интернетке қосылуды үзіңіз (Wi-Fi роутерін ажыратыңыз).
  • Мүмкіндік болса, аккумуляторды алып тастаңыз.
  • Басқа құрылғы арқылы банкпен шұғыл байланысып, барлық шоттар мен карталарды бұғаттаңыз.
  • 102 нөмірі бойынша полицияға хабарласыңыз.

Байланыс операторларының қызметкерлері ешқашан мессенджерлер арқылы үшінші тарап қосымшаларын орнатуға арналған сілтемелер жібермейтінін есте сақтаңыз!

Бұған дейін Алматыда алаяқтықтың сорақы түрі анықталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: