Ақтөбеде психотроптық заттарды өткізу арнасының жолы кесілді

Психотроптық заттар, Ақтөбе, өткізу арнасы , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2026 20:15 Сурет: polisia.kz
2025 жылғы қыркүйек айында Ақтөбе қаласындағы теміржол желілері бойында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері Ақтөбе облысының 21 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында ұсталған азаматтың аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды заңсыз өткізуге бағытталған қылмыстық әрекет жасағаны анықталды.

"Құқыққа қайшы әрекет Telegram мессенджерін пайдалану арқылы "жасырын қоймалар" орналастыру жолымен байланыссыз тәсілде жүзеге асырылған. Сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат синтетикалық текті психотроптық зат, жалпы салмағы 20 грамм болатын мефедрон екені анықталды", делінген полиция хабарламасында.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілді. Қаңтар айында Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен қаскүнем кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: