"Қарумен үйге баса-көктеп кірген". Алматыда өз бетінше әрекет еткен бір топ адам ұсталды

Ұсталды, қару, баса-көктеп кіру, Алматы, бір топ күдікті, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2026 18:41 Сурет: pexels
Алматы қаласында полиция қызметкерлері өз бетінше әрекет етумен байланысты заңсыз іс-әрекеттерге барған күдікті бір топ азаматты ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу материалдарына сәйкес, бірнеше адам тұрғын үй-жайға заңсыз кіріп, үй иелеріне күш қолданып, өз талаптарын орындатуға тырысқан. Құқыққа қайшы әрекеттер барысында күдіктілер сырттай атыс қаруына ұқсас затты пайдаланған. Бұл жайт азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде аталған қылмысқа қатысы бар барлық тұлғалар анықталып, ұсталды. Қауіп төндіретін заттар заңсыз айналымнан алынып, тәркіленді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Алматы қаласы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жанат Нұрғалиев бұлай өз бетінше әрекет етуге заңда жол берілмейтінін баса атап өтті.

"Біз күш қолдану мен қорқыту арқылы бөтен мүлікке қол сұғуға тырысқан топтың заңсыз әрекетіне тосқауыл қойдық. Мұндай өз бетінше әрекет етуге жол берілмейді. Полиция әрбір тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүйелі түрде жұмыс жүргізеді. Заң талаптарын бұзған әрбір азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады. Сонымен қатар азаматтардың уақтылы хабарламалары жедел әрі тиімді шаралар қабылдауға мүмкіндік беретінін ерекше атап өткім келеді", – деді ол.

Бұған дейін Алматыда студенттер есірткі қылмысының жолын кесуге ат салысып, арнайы марапатқа ие болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: