Түркістанның 18 жастағы тұрғыны өзін полицейлер жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлегенін айтты
Сурет: unsplash
ҚР ІІМ түсіндіріп өткендей, Түркістан қаласының 18 жастағы тұрғынының арызы бойынша "Жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Бұл ретте ведомство аталған полицейлер теріс себептермен қызметтік тексеру нәтижелері бойынша полициядан шығарылғанын атап өтті.
"Бұрынғы полиция қызметкерлерінің ықтимал қатысы туралы ақпарат толық көлемде тексеріледі және сотқа дейінгі тергеу шеңберінде оған түбегейлі құқықтық баға беріледі". ҚР ІІМ
Болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттерінің кешенді шаралары жүргізіліп жатқаны нақтыланады.
Бұл реттегі тергеу барысы Ішкі істер министрінің жеке бақылауына алынды.
Бұған дейін желіде қол-аяғы байланған қыздың суреті жарияланған болатын. Жәбірленушінің аузы да жапсырма қағазбен желімделген. Бұған қатысты Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына түсініктеме берген болатын.