Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институтының атауы өзгерді
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 26 қаңтардағы қаулысымен "Электр энергетикасы мен энергияны үнемдеуді дамыту институты (Қазақэнергиясараптама)" акционерлік қоғамының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды.
Осы құжатқа сәйкес аталған қоғам енді "Энергияны үнемдеудің ұлттық орталығы" акционерлік қоғамы деп аталады.
Қаулы 2026 жылғы 29 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Айта кету керек, 2013 жылғы 30 қарашада "Қазақэнергиясараптама" акционерлік қоғамының атауы өзгертіліп, соның негізінде "Электр энергетикасы мен энергияны үнемдеуді дамыту институты" акционерлік қоғамы құрылған еді.
Бұл ұйым электр энергетикасы мен энергияны үнемдеу саласындағы ұлттық салалық даму институты ретінде айқындалып, аталған бағыттар бойынша өнеркәсіптік-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын жүзеге асыруға уәкілетті болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript