Астанада өткен сотта Бишімбаевтың анасы жеңіске жетті

Сот үкімі, Астана, Бишімбаев, анасы, Альмира Нұрлыбекова, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2026 20:29 Сурет: Telegram/Jogargy_sot
Астанада Альмира Нұрлыбекованы (сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың анасы) ірі сомаға алдаған туысы Бекзат Кемелова сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) деп айыпталған Кемеловаға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында қаралды.

Сотта 2023 жылдың соңында Кемелова ұлына қатысты қылмыстық қудалауға байланысты күйзеліске түскен Нұрлыбекованың жағдайын пайдаланып, алдау және сенімге қиянат жасау жолымен оны ақшалай қаражатты (990 мың АҚШ доллары) өзіне уақытша сақтауға беруге көндірген. Ол ақшаны бұғаттаудан және тәркілеуден осылайша сақтауға болатынын айтып, түрлі уәждер келтірген. Аталған қаражатты Кемелова өз қалауы бойынша пайдаланып, жәбірленушіге аса ірі мөлшерде материалдық залал келтірген.

"Сот үкімімен К-ның мүлкін тәркілей отырып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде сотталушы К-ның кәмелетке толмаған баласы бар болғандықтан жазаны өтеуі 1 жыл мерзімге кейінге қалдырды (Заңмен белгіленген жағдайларда жазаны өтеуді кейінге қалдыру соттың міндеті болып табылады)", делінген сот хабарламасында.

Жәбірленушінің азаматтық талабы толық көлемде қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін Қарағандыда киім-кешек сататын дүкендер желісінің иесі 7 жылға сотталғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: