Қазақстанда шағын бизнеске өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару ережесі бекітілді
Фото: freepik
Қағидалар микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мынадай сомаларды есептен шығару тәртібін айқындайды:
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында болған, сондай-ақ 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында болған бересі сомасына, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл;
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің жеке шотында болған, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар үшін мемлекеттік кірістер органдары салған айыппұл;
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес өзгерген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеуші 2026 жылғы 1 сәуірге дейін толық көлемде орындаған жағдайдағы өсімпұл мен айыппұл сомасын;
- салық төлеушінің жеке шотында болған, ӘҚБтК-ке сәйкес 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған айналымдар бойынша қосылған құн салығы бойынша төлеуші ретінде тіркеуге тұрмаған кезеңде жасаған айналым үшін мемлекеттік кірістер органдары салған айыппұл сомасын есептен шығару тәртібін айқындайды.
Микро- және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейінгі кезеңде ҚР Салық кодексінде белгіленген, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша есептелген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша бересі сомасын толық төлеген кезде, көзделген өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығарудың міндетті шарты болып табылады.
Көрсетілген сомаларды есептен шығару өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын жеке шоттан есептен шығару жөніндегі комиссия (Комиссия) жүргізген жеке шоттарды түгендеу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.
Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде салық төлеушілердің жеке шоттары жүргізілетін жер бойынша мемлекеттік кірістер органы Комиссия құрады.
Комиссияның құрамына мынадай лауазымды тұлғалар енгізіледі:
- салық төлеушілердің есебін және жеке шоттарын жүргізуге жауапты;
- салық төлеушілерді тіркеуге жауапты;
- берешекпен жұмысқа жауапты;
- әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға құқығы бар;
- салықтық аудитке жауапты;
- қосылған құн салығын әкімшілендіруге жауапты;
- дәрменсіз борышкерлермен жұмысқа жауапты;
- заң қызметінің лауазымды тұлғалары.
Комиссияны мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе мемлекеттік кірістер органы басшысының орынбасары болып табылатын төраға басқарады.
Комиссия құрылған күннен бастап 2026 жылғы 31 наурызға дейін жеке шоттарды түгендеуді жүргізеді және берешек сомасын толық көлемде төлеген салық төлеушілерді іріктеуді көздейді.
Сомалар есептен шығаруға жатпайды:
- жеке практикамен айналысатын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес жеке тұлғаның салық міндеттемелері бойынша қалыптасқан өсімпұлдар;
- мемлекеттік кірістер органдары кәсіпкерлік қызметті және жеке практиканы жүзеге асырумен байланысты емес салық заңнамасын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға салатын айыппұл сомасы есептен шығаруға жатпайды.
2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында болған сома:
берешек бойынша – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы ретінде:
- 2026 жылғы 1 қаңтарға салық төлеушінің жеке шотында "Есеп айырысулар сальдосы (бересі (–) немесе артық төлем (+))" бағанында көрсетілген сома;
- салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында "Есептелді" бағанында көрсетілген, төлеу мерзімі "Төлеу мерзімі" бағанында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген сома;
өсімпұл бойынша – өсімпұл сомасы ретінде:
- 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушінің жеке шотында "Өсімпұл сальдосы (+, –)" бағанында көрсетілген сома;
- салықтық тексеру нәтижелері бойынша есептелген және салық төлеушінің жеке шотында "Өсімпұл есептелді" бағанында көрсетілген, төлеу мерзімі "Төлеу мерзімі" бағанында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген сома;
айыппұл бойынша – салықтық тексеру нәтижелері бойынша өндіріп алынған және салық төлеушінің дербес шотында берешегі төленген салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемнің түрі бойынша көрсетілген өсімпұл сомасы ретінде:
- 2026 жылғы 1 қаңтарға "Айыппұл сальдосы (+, –)" бағанында көрсетілген айыппұл сомасы ретінде;
- "Айыппұл салынды" бағанында салықтық тексеру нәтижелері бойынша салынған салық төлеушінің жеке шотында "Есептелді" бағанында есептелген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем сомасы көрсетілген, төлеу мерзімі "Төлеу мерзімі" бағанында 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін көрсетілген сома айқындалады.
Өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей Комиссия Өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешімде көрсетілген өсімпұл сомасын есептен шығаруды жүргізеді.
Есептен шығару жеке шотының "Жазба (енгізу) жүргізілетін операцияның және құжаттың мазмұны" деген бағанында алу белгісімен есептен шығаруға жататын өсімпұл сомасын салық төлеушінің жеке шотының "Өсімпұл бойынша есептеу" – "Есептелді (төмендетілді)" деген бағандарында көрсету арқылы жүргізіледі:
"20 ___ жылғы "___" _______________________ № ___Салық төлеушінің жеке шотынан өсімпұл сомасын есептен шығару туралы шешім".
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана бойынша мемлекеттік кірістер департаменттері ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-ы күнінен кешіктірмейтін мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бересі сомасын төлеген кезде өсімпұл мен айыппұл сомасын есептен шығару туралы есепті ұсынады.
Бұл ретте түпкілікті есеп 2026 жылғы 10 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынылады.
Бұйрық 2026 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.