Алматыда қоғамдық көліктерге қатысты бақылау күшейтілді

Автобус, Алматы, қоғамдық көліктер, бақылау, күшейту, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2026 20:53 Сурет: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Мегаполисте жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жолаушылар тасымалы саласында тәртіп орнатуға бағытталған республикалық "Тасымалдаушы" жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру тек автобустарға ғана емес, мегаполис аумағында жолаушыларды тасымалдайтын барлық көлікті қамтиды. Көліктің техникалық жағдайына, рұқсат құжаттарының болуына, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимінің сақталуына, сондай-ақ заңсыз тасымал фактілеріне назар аударылады.

"Биыл қоғамдық көліктердің қатысуымен 28 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 31 адам жарақат алды. Бұл профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді. Аталмыш іс-шара аясында біз тек қоғамдық көліктерді ғана емес, барлық тасымалдаушыны тексереміз. Біздің міндетіміз – қатаң бақылау жүргізу, заңсыз тасымал фактілерін болдырмау және қауіпсіздік талаптарының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету. Жолдағы заң мен тәртіп — қала тұрғындарының қауіпсіздігінің кепілі", – деді Алматы қаласы ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Бұған дейін прокуратура Алматыдағы автобус парктерінен өрескел бұзушылықтарды анықтағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: