Шымкентте төбелескен үш қыз аялдаманы да бүлдірген
Сурет: Zakon.kz
Шымкентте полиция қызметкерлері автобус аялдамасын бүлдірген үш жергілікті тұрғынды анықтады. Оқиға таңғы сағат алты шамасында болған. Аялдама терезесінің сынуына - қыздар арасындағы жанжал түрткі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бейнебақылау камераларының көмегімен құқық бұзушылар жедел түрде анықталып, ұсталды.
"Олар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар олармен құқыққа қарсы әрекеттерге жол берілмейтіні және мұндай іс-әрекеттер үшін жауапкершілік қарастырылғаны жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді". ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Полиция әрбір құқық бұзушылыққа міндетті түрде құқықтық баға берілетінін және кінәлі тұлғалар заң алдында жауап беретінін атап өтеді.
Бұған дейін түркістандық жас келіншек жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript