Таңбалау үшін тауарларды іріктеу критерийлері бекітілді
Фото: freepik
Тауарлар тауарларды таңбалау және қадағалау мақсаттары үшін тауарларды іріктеу өлшемшарттары бойынша екі кезеңмен бағаланады:
- әрбір өлшемшарт бойынша тауарды бағалау балды коэффициентке көбейту жолымен жүзеге асырылады және қорытынды мәндер қосылады;
- таңбалауды енгізудің басымдылығын және тауарлардың қадағалануын айқындау жинақталған баллдарға сәйкес жүзеге асырылады, мұнда жинақталған баллдардың ең жоғары сомасы таңбалауды енгізудің және тауарлардың қадағалануының ең жоғары басымдығына сәйкес келеді.
Қорытындысы бойынша тауарларды таңбалау мен қадағалаудың басымдылық дәрежесі айқындалады:
- 40-85 ұпай – жоғары басымдық;
- 15 – 39 ұпай – орташа басымдық;
- 0-14 ұпай – төмен басымдық.
Тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізудің жоғары немесе орташа басымдығы бар тауарлар Таңбалауға жататын тауарлар тізбесіне енгізілуге жатады.
"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалаудың болуы" өлшемшарты бойынша тауар мынадай шарттардың бірі қанағаттандырылған жағдайда осы өлшемшартқа сәйкес деп танылады:
- тауар Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің шешімімен бекітілген сәйкестендіру құралдарымен таңбалануға жататын тауарлар тізбесінде көрсетілген тауарлар тобына жатады;
- тауар олардың заңнамасына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір немесе бірнеше мемлекеттің аумағында таңбалануға және қадағалануға жататын тауарларға жатқызылады.
Егер тауар аталған шарттардың бірін қанағаттандырмаса, онда ол "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде тауарларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалаудың болуы" өлшемшартына сәйкес келмейді деп танылады.
"Көлеңкелі экономиканың болуы" өлшемшарты бойынша бағалау мынадай тәсілдер негізінде айқындалады:
- Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттерден (бұдан әрі –елдер) Қазақстан Республикасына импорт пен Қазақстан Республикасына экспорттың ресми статистикалық ақпаратын салыстырмалы талдау;
- статистикалық сәйкессіздіктерді талдау.
Көрсетілген ақпараттағы алшақтық пайызы Қазақстан Республикасына тауарлар импорты кезіндегі көлеңкелі экономика деңгейінің көрсеткіші ретінде қаралады.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің ұлттық статистика бюросының интернет-ресурсында орналастырылған Қазақстан Республикасына импорттың және Қазақстан Республикасына басқа елдерден экспорттың ресми статистикалық ақпараты, сондай – ақ сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша ұсынылатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің (бұдан әрі-Қаржымині) деректері пайдаланылады.
Қазақстан Республикасына импорттың және Қазақстан Республикасына басқа елдерден экспорттың ресми статистикалық ақпаратын салыстырмалы талдау кезінде мынадай себептер бойынша туындаған сәйкессіздіктер ескерілмейді:
- тауарды жөнелтуші елдегі экспортқа жөнелту күні мен қабылдаушы елдегі импортты тіркеу күні (ауыспалы жеткізілімдер) арасындағы уақыт аралығының болуы;
- екі елдің кәсіпкерлік субъектілерінің тауарды жөнелту және тағайындау елдері туралы ақпаратты ұсынуындағы айырмашылықтар;
- Қазақстан Республикасында және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттерде сыртқы сауда мәмілелері туралы деректерді ұсынбаған немесе толық емес ақпаратты ұсынған сыртқы сауда қызметіне қатысушылардың болуына байланысты өзара сауда бойынша ресми статистикалық ақпаратты қамтудың толық қамтымау;
- импорттаушы тауар бағасын бағалары экспорттаушы бағаларынан өзгеше шетелдік делдалдардан алынған құжаттар бойынша көрсеткен кездегі баға айырмашылықтары;
- тауарды кодтаудағы айырмашылықтар.
Тауарды Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген акцизделетін өнім санатына жатқызуды айқындаудың "Акцизделетін өнім" өлшемшарты бойынша бағалау.Егер тауар акцизделетін өнімге жататын болса, онда тауар "Акцизделетін өнім" өлшемшартына сәйкес деп танылады.
"Тұтыну қаптамасының немесе тауар жапсырмасының болуы" өлшемшарты бойынша бағалау тауарды шығару нысанын айқындау жолымен жүргізіледі.
Егер тауар тұтынушылық қаптамада (қорап, пакет, бума, науа, банка, бөтелке, флакон, ампула, бөшке, кега, қап, туба, блистер, контейнер, баллон, жәшік және басқа да физикалық сыйымдылық) шығарылса немесе тауар белгісі болса, онда тауар осы тармақта көрсетілген өлшемшартқа сәйкес деп танылады.
"Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" критерийі бойынша бағалауды мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген міндеттер мен іс-шараларды орындау процесінде жүргізеді.
Егер ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті талдау қорытындылары бойынша Мемлекеттік орган тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау арқылы қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігін белгілесе, онда тауар "қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" өлшемшартына сәйкес деп танылады.
"Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" өлшемшарты бойынша бағалауды мемлекеттік органдар "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-2-бабының 3) тармақшасына сәйкес жүргізілетін сәйкестендіру құралдарымен тауарларды таңбалау мен қадағалауды енгізудің орындылығын талдау процесінде жүргізеді.
Егер мемлекеттік орган тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалауды және қадағалауды енгізудің орындылығы мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызметті талдау қорытындылары бойынша тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалап отыру арқылы қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттігін белгілесе, онда тауар "Қоғамдық, экономикалық немесе экологиялық қауіпсіздік" өлшемшартына сәйкес деп танылады.
Бұйрық 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.