Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру жобаларын әзірлеуге өзгерістер енгізілді

Кольсайские озёра, озеро Кольсай, туризм в Казахстане, туристы, туристические места в Казахстане, природа Казахстана, развитие туризма в Казахстане, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2026 16:07 Фото: pexels
Экология және табиғи ресурстар министрі 2026 жылғы 19 мамырдағы бұйрықпен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту бойынша жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелер жобаларын әзірлеу қағидаларына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту бойынша техникалық-экономикалық негіздеме жобасы келесі бөлімді орындауды қамтитыны нақтыланды:

  • ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның инфрақұрылымының жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары): визит-орталықтарды, туристік соқпақтарды, шолу алаңдарын, бивуак алаңдарын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қолжетімді жерлерде электр қуаттау станцияларымен жабдықталған тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақүйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдық тамақтану, сауда және өзге де мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандарды, құбыр желілерін, электр беру және байланыс желілерін, жолдарды экологиялық туризмді дамыту ескеріле отырып орналастыру орындарын қамтиды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтың және оның инфрақұрылымының жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) сондай-ақ мыналарды қамтиды:

туризм инфрақұрылымын жоспарлау:

  • туристік және рекреациялық мақсаттағы нысандарды орналастыру орындарын айқындау: визит-орталықтар, туристік маршруттар (соқпақтар), шолу алаңдары, бивуак алаңдары, көлік тұрақтары, оның ішінде электр желілеріне қолжетімді жерлерде электр қуаттау станцияларымен жабдықталған тұрақтар, кемпингтер, шатырлы лагерьлер, қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар (кешендер), қоғамдық тамақтану, сауда және өзге де мәдени-тұрмыстық мақсаттағы нысандар, бақылау-өткізу пункттері, аншлагтар (жоспарланып отырған нысандардың қысқаша сипаттамасымен және рұқсат етілетін рекреациялық жүктемелерді, өткізу қабілетін есептеумен) аумақты функционалдық аймақтарға бөлуді, экологиялық талаптарды, эстетиканы, ұзақ мерзімділікті, үнемділікті және туристер мен қоршаған орта үшін қауіпсіздікті ескере отырып айқындалады.

Бұйрық 2026 жылғы 5 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: