Ерекше қорғалатын аумақтарды құру: өзгерістер енгізілді

ЭЫДҰ-ның 2025 жылғы 10 ақпандағы бұйрығымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелердің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидаларына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме жобасы мыналарды қамтитыны нақтыланады:
- экологиялық туризмді дамытуды ескере отырып, ерекше қорғалатын табиғи аумақты жоспарлау жобасы және оның инфрақұрылымы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын): туристік соқпақтарды, тамашалау алаңдарын, дем алу алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтерді, шатырлы лагерьлерді, қонақ үйлерді, мотельдерді, туристік базаларды, қоғамдақ тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, құбырларды, электр және байланыс желілерін, жолдарды орналастыру орындары.
Өз кезегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты және оның инфрақұрылымын жоспарлау жобасы (инфрақұрылымды дамытудың бас жоспары) туризм инфрақұрылымын жоспарлауды қамтиды:
- аумақтың функционалдық аймақталуын, экологиялық талаптарды, эстетикалық талғамды, ұзақ мерзім қызмет етуін, туристер мен қоршаған орта үшін үнемді және қауіпсіз болуын ескере отырып, туристік және рекреациялық мақсаттағы объектілерді: туристік маршруттарды (соқпақтарды), тамашалау алаңдарын, аялдау алаңқайларын, көлік тұрақтарын, оның ішінде электр желілеріне қол жеткізуге болатын орындарда электрқуаттау станциялары бар тұрақтарды, кемпингтер, шатырлы лагерьлер, қонақүйлер, мотельдер, туристік базалар (кешендер), қоғамдық тамақтандыру, сауда және басқа да мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілерді, бақылау-өткізу бекеттерін, аншлагтар (жоспарланып отырған объектілердің қысқаша сипаттамасымен және жол берілетін рекреациялық жүктемелердің, өткізу қабілетінің есеп-қисабымен) орналастыру орындарын айқындау.
Бұйрық 2025 жылғы 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript