Қазақстанда импорттық азық-түлік өнімдерін мемлекеттік сатып алу шектеледі

Супермаркет, маркет, продуктовый, продукты питания, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2026 16:07 Фото: Zakon.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігі "Ұлттық режимнен алып қоюды белгілеудің кейбір мәселелері туралы" қаулы жобасына түзетулер дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаулы жобасында мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасында өндірілмейтін тауарларды қоспағанда, шетелдік шығу тегі бар азық-түлік тауарларына ұлттық режимнен алып қоюды белгілеу көзделеді.

Мемлекеттік сатып алуға қатысу тиісті тізілімге енгізілген отандық тауар өндірушілерге берілетін болады.

Сонымен қатар, жоба аясында алып қою қолданылатын тауарлар тізбесін бекіту және қаулының қолданыс мерзімін екі жыл мерзімге айқындау көзделеді.

Атап өтілгендей, Үкімет қаулысының жобасы конституциялық құрылыстың негіздерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында әзірленді.

Құжат 15 маусымға дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: