Петропавлда интернеттегі алаяқтарға сенген егде жастағы әйел 7 млн теңгесінен қағылды

Телефон, интернет, алаяқтық, Петропавл, зейнеткер, әйел, инвестиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2026 12:58 Сурет: pixabay
Полицияға интернет-алаяқтардың құрбаны болған Петропавл қаласының 77 жастағы тұрғыны жүгінді. Ол Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған инвестиция арқылы қомақты табыс табу туралы жарнамаға сеніп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сілтеме арқылы өтіп, байланыс деректерін қалдырған. Алаяқтар әйелмен хабарласып, "инвестициялық бизнестің" жоғары табыс әкелетініне сендірген. Сәуір айының соңынан мамыр айының басына дейін олар зейнеткердің барлық жинаған қаражатын иемденген. Келтірілген шығын көлемі 7 миллион теңгеден асты. Қылмыскерлер байланысқа шығуды тоқтатқаннан кейін әйел полицияға жүгінген.


"Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленушінің ақшасын елден шығаруға пайдаланылған шот иелері — үш дропперді анықтады. Әйелдің азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен олардан келтірілген шығынды өндіріп алуға мүмкіндігі бар.Полицейлер азаматтарды егде жастағы туыстары мен жақындарын интернет-алаяқтық қаупі туралы ескертуге шақырады". СҚО ПД баспасөз қызметі

Интернеттегі хабарландыруларға сақтықпен қарап, күмән тудыратын тиімді ұсыныстарға сенбеу қажет. Қаржыға қатысты кез келген ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексерген жөн.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: