Петропавлда 24 жастағы жігіт алаяқтарға сеніп, 17 млн теңгесінен қағылды
Сурет: Zakon.kz
"SIM-картаңыздың қолданылу мерзімі аяқталуға жақын. Оны әрі қарай пайдаланасыз ба? SMS арқылы келген кодты айтып жіберіңіз…". Белгісіз нөмірден осындай қоңырау түскенде, мұндай сөздерді естіген көпшілік бірден тұтқаны қояды, өйткені интернет-алаяқтардың әңгімені дәл осылай бастайтынын біледі (SIM-карталардың белгіленген қолданылу мерзімі жоқ). Алайда 24 жастағы петропавлдық бұған сенген. Оны өзі айтқан кодты алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін екенін, оның атына несие рәсімделуі ықтимал екенін айтып, кейін дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтып қорқытқан.
Қоңырау шалушылардың айтуынша, бұл мәселелердің барлығын шешудің жалғыз жолы — көрсетілген есепшоттарға ірі көлемдегі ақшаны аудару болған.
"Алаяқтардың нұсқауын орындаған жәбірленуші өз қолы жететін отбасының барлық қаражатын — 17 миллион 327 мың теңгеден астам соманы олардың есепшоттарына аударған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер жәбірленуші ақша аударған есепшоттардың иелері болып табылатын 10 дропперді анықтады. Оларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша қажетті шаралар қабылдануда. Сондай-ақ жәбірленуші келтірілген материалдық шығынды азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен олардан өндіріп ала алады". СҚО ПД баспасөз қызметі
Полицейлер азаматтарды мұндай қоңырауларға сенбеуге, SMS арқылы келген кодтарды бөгде адамдарға айтпауға және кез келген ақпараттың дұрыстығын тек ресми ақпарат көздері арқылы ғана тексеруге шақырады.
Бұған дейін БҚО-да жеке сот орындаушы тергеліп жатқанын жазғанбыз.