Астанада полиция дропперлерді ұстады

Астанада полиция дропперлерді ұстады , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2026 22:35 Сурет: polisia.kz
Елордада 78 жастағы қала тұрғыны өзін мемлекеттік органдар мен банк қызметкерлері ретінде таныстырған телефон алаяқтарының сөзіне сеніп, ақшасын сақтап қалу сылтауымен өзінің жинақ қаражатын алаяқтардың есепшоттарына аударған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар олардың нұсқауымен алтын әшекейлерін сатып, одан түскен ақшаны да алаяқтар көрсеткен шоттарға жіберген.

Полиция қызметкерлері жәбірленушінің ақшасы түскен банк шоттарының иелерін анықтады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елорданың 19 және 21 жастағы екі тұрғыны ұсталды.

Тергеу барысында олардың ақшалай сыйақы үшін алаяқтарға өздерінің банк шоттарын, ұялы телефондарын, SIM-карталарын пайдалануға бергені, сондай-ақ банк мобильді қосымшаларын және криптовалюта биржасындағы аккаунттарды өз атына тіркегені анықталды. Кейін бұл құралдар қылмыстық схемада пайдаланылған. Ұсталғандардың бірінің банк шотына қылмыстық жолмен алынған 1 миллион теңге, ал екіншісінің шотына 2,5 миллион теңге түскені белгілі болды.

Күдіктілерге қатысты дропперлік фактісі бойынша қылмыстық істер қозғалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: