Қазақстан мен Еуропа прокурорлардың тікелей өзара әрекеттесуінің құқықтық негізін қалады

Құжат, қол қою, Люксембург, Қазақстан, Еуропа, Берік Асылов, прокурорлар , сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 11:15 Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Люксембургке жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында қазақстандық қадағалау органының басшысы Еуропалық прокуратураның басшысы Лаура Кёвешимен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздер барысында тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы халықаралық ынтымақтастық, қылмыстың өзекті түрлеріне, оның ішінде трансұлттық қылмысқа бірлесіп қарсы іс-қимыл жасау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, активтерді іздестіру және қайтару мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Еуропалық прокуратура арасында өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.

"Аталған халықаралық құжат қазақстандық прокуратураның Еуропалық Одақ прокурорларымен тікелей өзара әрекеттесуінің құқықтық негізін қалыптастырады. Ол жедел ақпарат алмасуды, бірлескен тергеу топтарын құруды, қылмыскерлерді экстрадициялау, қылмыстық жолмен алынған кірістерді іздестіру, оларға тыйым салу және тәркілеу мәселелері бойынша өзара көмек көрсетуді қамтиды".Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Қол қою, Люксембург, Берік Асылов, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.06.2026 11:15

Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

Сондай-ақ Берік Асылов Люксембургтің Бас прокуроры Джон Петримен кездесу өткізді.

Тараптар қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту, қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ прокурорлық қызметтің озық тәжірибелері мен тиімді практикаларын алмасу мәселелерін жан-жақты талқылады.

Кездесу соңында тараптар өзара қызығушылық тудыратын барлық бағыттар бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін растады.

Бұған дейін Бас прокуратура 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы жұмыс қорытындыларын жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: