Инвестициялық салымдар кезінде АӨК шығыстарының бір бөлігін өтеуді субсидиялау: өзгерістер енгізілді
Фото: Zakon.kz
Құжатта айтылғандай, жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) шешімін алу үшін инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) ЭЦҚ-сы қойылған инвестициялық субсидиялауға арналған электрондық өтінімді береді, өтінімде көрсетілген қажетті құжаттар "PDF (Portable Document Format)" форматында (инвестордың (көрсетілетін қызметті алушының) қолы қойылған және мөрімен (бар болса) куәландырылған қағаз нұсқаның сканерленген көшірмесі) қоса беріледі.
Бұл ретте, жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) өтінім тіркелген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде инвестициялық жобаның осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешім қабылдайды.
Инвесторға (көрсетілетін қызметті алушыға) жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) инвестициялық жобаның сәйкестігі/сәйкес еместігі туралы шешімі туралы және жұмыс органының (көрсетілетін қызметті берушінің) жоба паспорты бойынша инвестициялық субсидияларды төлеу/төлеуден бас тарту туралы шешімі туралы хабарлама жолданады.
Хабарлама инвестор (көрсетілетін қызметті алушы) СМАЖ-да тіркелген кезде көрсеткен электрондық почта мекенжайына, сондай-ақ СМАЖ-ғы "жеке кабинетіне" жолданады.
Жұмыс органы (көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік қызмет көрсетуді мониторингтеудің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызмет 19 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
Бұйрық 2026 жылғы 7 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.