Қымбатқа түскен желідегі ролик
Сурет: Zakon.kz
Абай облысында көп қаралым жинау үшін әсерлі бейнеролик түсіру әрекеті әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтырды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Абай облысы полиция департаменті әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында қозғалыс кезінде жеңіл автокөліктің терезесінен денесін шығарып, қолына гүл себетін ұстаған қыздың видеосын анықтады. Тексеру барысында полиция қызметкерлері түсірілімге қатысушыларды жедел анықтады.
"Олар — Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы. 20 жастағы жүргізуші жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталанып жасалғандықтан, іс материалы сотқа жолданды. Сондай-ақ 21 жастағы флорист болып жұмыс істейтін жолаушы қыз да қозғалыс кезінде көлік терезесінен денесін шығарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осылайша әсерлі бейнероликтің бірнеше секунды екі әкімшілік хаттамамен аяқталды", делінген полиция хабарламасында.
Полиция жарнамалық роликтерді, фото және бейнемазмұнды түсіру Жол қозғалысы қағидаларын сақтаудан босатпайтынын еске салады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript