Еңбек қауіпсіздігі қызметкерлерінің штат санына қойылатын талаптар өзгерді

Электронная биржа труда, рынок труда, карьерные центры, поиск работы, карьера, собеседование, работа, работники, сотрудники, наем, трудоустройство, прием на работу, профессия, профессии, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.07.2026 16:06 Фото: pixabay
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2026 жылғы 1 шілдедегі бұйрығымен еңбекті қорғау қызметі қызметкерлері санының салааралық үлгілік нормативтеріне өзгерістер енгізілді.

Атап айтқанда, еңбекті қорғау қызметі қызметкерлері санының салааралық үлгілік нормативтері жаңа редакцияда бекітілді.

Аталған нормативтер ұйымдық-құқықтық нысанына, меншік түріне және экономикалық қызмет саласына қарамастан барлық жұмыс берушілерге қолданылады.

Нормативтер:

  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметін құру кезінде;
  • осы қызмет қызметкерлерінің штат санын айқындау кезінде;
  • еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің санын қайта қарау кезінде қолданылады.

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі қызметкерлерінің саны жұмыс беруші тарапынан мынадай нормативтерге сәйкес белгіленеді:

  • 50 адамға дейін – 0,5 штат бірлігі;
  • 51–100 адам – 1 штат бірлігі;
  • 101–150 адам – 1,5 штат бірлігі;
  • 151–200 адам – 2 штат бірлігі;
  • 201–250 адам – 2,5 штат бірлігі;
  • 251–300 адам – 3 штат бірлігі;
  • 301–350 адам – 3,5 штат бірлігі;
  • 351–500 адам – 4 штат бірлігі;
  • 500–1000 адам – 5,5 штат бірлігі;
  • 2001–2500 адам – 7 штат бірлігі;
  • 3001–3500 адам – 8 штат бірлігі;
  • 4001–4500 адам – 9 штат бірлігі;
  • 5001 адам және одан көп – 10 штат бірлігі.

Бұйрық 2026 жылғы 20 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: