Базалық цифрлық қаржы активінің есептілігін Ұлттық Банкке қалай ұсынуға болады

Цены на продукты, цены, цена на продукты, цена, подорожание, повышение цен, подорожание продуктов, повышение цен на продукты, стоимость, стоимость продуктов, увеличение стоимости, увеличение стоимости на продукты, рост цен, рост цен на продукты, увеличение цен, увеличение цен на продукты, инфляция , сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2026 12:58 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ұлттық банктің және Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бірлескен қаулысымен Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдардың ҚР Ұлттық банкіне есеп беру ережесі бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәселен, 2026 жылғы 12 шілдеден бастап ұйымдар есептілікті электрондық цифрлық қолтаңбамен растау рәсімдерін сақтай отырып, цифрлық жүйелерді пайдалану арқылы электрондық түрде ұсынады.

Ақпаратты цифрлық жүйелерге жүктеу кезінде нысанішілік бақылау жүзеге асырылады. Нысанішілік бақылауды жүзеге асыру кезінде қателер анықталған жағдайда, ақпарат қабылданбайды.

Нысанішілік бақылаудан өткен, көрсетілген есепті кезеңнің ақпаратын цифрлық жүйеге соңғы жүктеудің нақты күні тиісті есепті кезең үшін есептілікті ұсыну күні болып табылады.

Есептілікті цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйым басшысының немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландыру есептілікті ұсынған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырылады.

Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымның басшысы немесе есепке қол қою функциясы жүктелген адам есептіліктегі деректердің толықтығы мен дәйектілігін қамтамасыз етеді.

Есептіліктегі деректер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі.

Есептілікті қалыптастыру мақсатында шетел валютасындағы базалық активтер белгіленген тәртіпке сәйкес айқындалған валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша есепті тоқсанның соңындағы жағдай бойынша қайта есептеліп, көрсетіледі.

Қағидаларда көзделген есептердің нысандары кестелерінің кез келгені бойынша деректер болмаған кезде ол бойынша мәліметтер ұсынылмайды, бұл туралы цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі тоқсанның 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

Цифрлық қаржы активінің базалық активін сақтау жөніндегі ұйымдар Ұлттық Банкке есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10 (оныншы) жұмыс күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын:

  • цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық және жоғары өтімді активтердің жай-күйі туралы есепті;
  • цифрлық қаржы активтерін шығару бойынша базалық активтердің жай-күйі туралы есепті ұсынады.

Қаулы 2026 жылғы 25 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: