Елімізде бірқатар кәсіпорын қайта ұйымдастырылып, кейбірі таратылады
Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2026 жылғы 10 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік басқарудың кейбір мәселелері туралы" қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, мына ұйымдар қайта ұйымдастырылады:
- Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне қарасты "Ғарыш техникасы және технологиялары институты" ЖШС 2028 жылғы 1 наурыздан бастап "Ғарыш техникасы және технологиялары институты" АҚ болып қайта құрылады.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Камерата Қазақстан" классикалық музыка ансамблі" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап "Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық филармониясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің "Бірегей ысқылы музыкалық аспаптардың мемлекеттік коллекциясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музейіне қосылады.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 2027 жылғы 1 шілдеден бастап Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" акционерлік қоғамына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архивтер, құжаттама және кітап ісі комитетінің "Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Балаларды ерте дамыту институты" республикалық мемлекеттік мекемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Республикалық қан орталығы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Алатау" балалар клиникалық шипажайы" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорны "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнына қосылады.
- Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш техникасы және технологиялары институты" АҚ жоғарыда көрсетілген 1-тармақта көзделген іс-шара орындалғаннан кейін, 2028 жылғы 1 наурыздан бастап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" АҚ-на қосылады.
Бұдан бөлек, мына кәсіпорындар таратылатын болады:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің "Talap" коммерциялық емес акционерлік қоғамы – 2027 жылғы 1 шілдеден бастап;
- Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің "Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты" ЖШС – 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап;
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің "Достық Энерго" акционерлік қоғамы.
Қаулы жекелеген тармақтарды қоспағанда 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript