Түркістан облысында көлігінің нөмірін жасырған жүргізушінің айласы әшкере болды

Полиция, Түркістан облысы, мемлекеттік нөмір, жасыру, жүргізуші , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 19:25 Сурет: pexels
Түркістан облысында полицейлер мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жасырып, жол қозғалысы ережесін бұзған жүргізушіні анықтап, оны заң аясында жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қызмет атқару барысында патрульдік полиция қызметкерлері республикалық маңызы бар Шымкент – Самара автожолында жылдамдық пен уақытты өлшейтін бейнебақылау жүйесінен келіп түскен бағыттама негізінде Түркістан қаласына бет алған Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.

"Тексеру барысында жүргізушінің көлігіне мемлекеттік тіркеу нөміріне арнайы қолдан ашылып-жабылатын тетік орнатқаны анықталды. Ол аталған құрылғының көмегімен мемлекеттік нөмірді қажет кезінде жасырып, бейнебақылау камераларына тіркелмеу және жауапкершіліктен жалтаруды көздеген. Аталған құқық бұзушылық бойынша көлік айып тұрағына қойылып, жүргізушіге қатысты әкімшілік шара қолданылды", делінген хабарламада.

Полиция мемлекеттік тіркеу нөмірін жасыруға немесе оның көрінуіне кедергі келтіретін кез келген құрылғыны пайдалану заң бұзушылық болып табылатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: