Түркістан облысында көлігінің нөмірін жасырған жүргізушілер жазаланды

Автоцон, специализированный центр обслуживания населения для автомобилистов, регистрация автотранспорта, госномер авто, номер машины, номера машин, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.01.2025 13:58 Фото: МЦРИАП РК
Түркістан облысында көлігінің нөмірін жауып қойған 40-қа жуық жүргізуші жауапқа тартылды

Патрульдік полиция қызметкерлері рейдтік-профилактикалық жұмыс барысында көлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін қасақана жауып алған жүргізушіні байқады.

Тәртіп сақшылары күмәнді көлікті бірден тоқтатты. Аталған оқиға республикалық маңызы бар Шымкент – Самара тасжолында болды.

Белгілі болғандай, 30 жастағы Арыс ауданының тұрғыны көлігінің нөмірін дымқыл майлықпен жауып, өрескел құқық бұзушылық жасаған.

Сот қаулысымен ол 1 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Түркістан облысы полиция департаментінің патрульдік полицейлері жыл басынан бері автокөліктерінің тіркеу белгілерін шешіп тастаған 40-қа жуық көлік жүргізушісін жауапқа тартқан.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: