Астанада нөмірін матамен жапқан жүк көлігінің жүргізушісі көлік басқару құқығынан айырылды

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 10:07 Фото: pexels
Астанада бейнебақылау камераларына түспеу үшін көліктің мемлекеттік нөмірін матамен жауып қойған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құқық бұзушылық елордаға кіреберісте "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Howo жүк көлігін басқарған 24 жастағы жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жасырып қойған.

Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, жүргізушіге қатысты тиісті шаралар қабылдады. Сот шешімімен ол бір жылға көлік басқару құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.

Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер жол қозғалысы ережесін бұзудың 600-ге жуық дерегін анықтады.

Оның ішінде:

  • жолаушылар мен жүк тасымалдау талаптарын бұзудың 200-ден астам;
  • техникалық талаптарға сай келмейтін көлікті басқарудың 100-ден астам;
  • көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланудың 90-ға жуық;
  • көлікті заңсыз қайта жабдықтаудың 15;
  • қарсы бағыттағы жолаққа шығудың 11 дерегі тіркелді.

Полиция мемлекеттік нөмірді жасыру, көлікті заңсыз қайта жабдықтау және жол қозғалысы ережелерін бұзу заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: