Самара – Шымкент тас жолында BMW мен жүк көлігі соқтығысып, екі адам қаза тапты
Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында жүк көлігі мен жол талғамайтын көлік соқтығысып, салдарынан екі адам, соның ішінде бір кәмелетке толмаған бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі 2026 жылғы 27 шілдеде хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Әйтеке би ауданында Самара – Шымкент тас жолында болған. DAF жүк көлігі мен BMW жол талғамайтын көлігі соқтығысқан.
Соққының қатты болғаны соншалық, жеңіл көліктің жүргізушісі дәрігерлер жеткенше оқиға орнында көз жұмды. Кәмелетке толмаған жолаушыны ауруханаға жеткізіп үлгергенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
"BMW автокөлігінің тағы төрт жолаушысы, сондай-ақ DAF жүк көлігінің жүргізушісі әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді", деп нақтылады ведомстводан Zakon.kz тілшісіне.
Полициядағылар аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript