Астанада марғау бейнеленген ерекше мурал пайда болды

Астанада марғау бейнеленген ерекше мурал пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 12:27 Сурет: Астана әкімдігі
Астананың Байқоңыр ауданындағы Ғабдуллин көшесі, 17/1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің маңында жаңа әрі ерекше мурал салынды, деп хабарлайды Zakon.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жаңа арт-нысан ауланы және оған іргелес жаяу жүргіншілер аймағын жандандырып, тұрғындар үшін тартымды әрі көрікті кеңістікке айналдырды.

Астанада марғау бейнеленген ерекше мурал пайда болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.07.2026 12:27

Сурет: Астана әкімдігі

Бұрын бос тұрған қабырға енді жайлы кейіпте жатқан жасыл көзді мысықтың әсерлі бейнесімен безендірілді. Ол қалалық кеңістікпен үйлесімді үндесіп, аумақтың сәнін келтіріп, тұрғындар мен қонақтарға арналған жаңа фотоаймаққа айналды.

Жергілікті тұрғындар қабырғадағы ерекше туындыны жылы қабылдап, жасыл көзді мысық бейнеленген муралдың суреттерін әлеуметтік желілерде жариялай бастады.

Бұған дейін Маңғыстау облысында жанармайы таусылған ресейлік мотоциклші жолда қалып қойғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: