Астанада қала көркін бұзған ұйымдарға қарсы шара қолданылды

Полиция, Астана, қала көркі, абаттандыру, талаптар, бұзу, ұйымдар , сурет - Zakon.kz жаңалық 01.08.2026 12:50 Сурет: polisia.kz
Елордада полиция қызметкерлері кезекті рейдтік іс-шара барысында Ермек Серкебаев көшесінде құрылыс алаңына іргелес аумақты тиісті деңгейде күтіп ұстамаған, сондай-ақ құрылыс нысандарын қоршауға қойылатын талаптарды бұзған екі құрылыс ұйымын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, анықталған заң бұзушылықтар бойынша әр ұйымға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес әкімшілік шаралар қолданылды.

"Бұдан бөлек, профилактикалық іс-шара барысында полиция қызметкерлері 34 жастағы азаматтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағанын анықтады. Ол темекі шеккеннен кейін тұқылын жерге тастап, кейін автокөлігіне отырған. Құқық бұзушының жеке басы анықталып, тиісті шаралар қабылданды", делінген полиция хабарламасында.

Айта кетсек, Астанада жыл басынан бері қоғамдық орындарды ластағаны үшін 400-ге жуық азамат, ал қалаларды абаттандыру қағидаларын бұзғаны үшін 27 мыңнан астам адам әкімшілік жауаптылыққа тартылған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: