"Мәкең бар!". Полиция танымал әнші мінген көліктің желідегі видеосын назарға алды
Сурет: Zakon.kz
Әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғаны бейнеленген бейнеролик анықталды. Әкімшілік құқықты бұзуға жол берген азаматтың көлігіндегі жолаушылар ішінен желідегілер әнші Мөлдір Әуелбекованы танып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылғы 1 тамызда ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, тексеру нәтижесінде 38 жастағы жүргізушінің автокөлікті қауіпсіздік белдігін тақпаған күйде басқарғаны және көлік жүргізу кезінде телефон пайдаланғаны белгілі болды.
Сонымен қатар көліктегі жолаушылардың да қауіпсіздік белдігін тақпағаны анықталды.
"Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жүргізушінің жеке басын анықтап, анықталған құқық бұзушылықтар бойынша оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырды. Сондай-ақ қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушыларға қатысты да тиісті әкімшілік шаралар қабылданды", делінген полиция хабарламасында.
Полиция барша азаматты жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік жүргізу кезінде қауіпсіздік белдігін тағуға және телефонды пайдаланбауға шақырады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript