Оралда азық-түлік дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалды

Қарақшылық шабуыл, Орал, дүкен, азық-түлік, күдікті, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.08.2026 17:18 Сурет: polisia.kz
30 шілдеде сағат 15:40-та "102" арнасына Орал қаласындағы дүкендердің бірінде бетперде таққан белгісіз ер адамның сатушыны пышақпен қорқытып, кассадағы ақшаны тартып алып кеткені туралы хабарлама түскен. Күдікті ізін суытпай ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, аталған ақпарат бойынша оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дүкен мен оған іргелес аумақтағы бейнебақылау камераларының жазбаларын жедел зерделеп, күдіктінің фотокескінін әзірледі.

"Бірнеше минуттың ішінде барлық наряд пен қызметтерге бағдар беріліп, аумақ толық қоршауға алынды. Тәртіп сақшылары күдіктінің уақыт жағынан алысқа ұзап үлгермегенін есептеп, іздеуді жақын маңнан бастады. Бұл болжам дәл шықты. Көп ұзамай тәртіп сақшылары күдіктінің қалың шөптің арасында жасырынып жатқанын байқап қалады. Алайда ол қолындағы пышақпен полиция қызметкерлеріне тап береді. Өмірлеріне төнген қауіпке қарамастан Орал қалалық полиция басқармасының қызметкерлері Еркебұлан Жұмақашев пен Берік Лукпанов жоғары жауынгерлік дайындық танытты. Арнайы әдістерді шебер қолданған олар қарулы шабуылдаушыны санаулы сәттер ішінде құрықтады", делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шекпегені де нақтыланады.

Ұсталған азаматтың 29 жаста екені анықталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: