Павлодар облысында малын қараусыз қалдырғаны үшін 1,3 мың адам жазаланды
Сурет: pixabay
Павлодар облысында малдың сақталуына тиісті бақылау жасамағаны үшін жыл басынан бері 1358 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Жыл басынан бері өңірде мал ұрлығының 19 фактісі тіркелген. Сонымен қатар малдың қатысуымен 11 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 23 адам зардап шеккен. Малдың сақталуына тиісті бақылау жасамағаны үшін жыл басынан бері 1358 мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі таңда облыс аумағында қараусыз және қаңғыбас малды уақытша ұстауға арналған 128 қора-жай жұмыс істейді. Бүгінде аталған орындарға 24 469 бас мал қамалған.
Полиция тұрғындарды жеке шаруашылықтарындағы малдың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Бұған дейін жыл басынан бергі бес айда мал ұрлаумен айналысқан 58 топ ұсталғаны хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript