"Ұрланған көлікті металлоломға өткізген". Өскеменде бірнеше қылмысқа қатысы бар күдікті ұсталды

Ұсталды, Өскемен, ұрлық, көлік, металлолом, күдікті  , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 17:27 Сурет: polisia.kz
Өскемен қаласында полицейлер 25 жастағы жергілікті тұрғынның бірнеше қылмысқа қатысы барын анықтады. Күдіктінің екі автокөлікті заңсыз иеленіп, сондай-ақ көлікті есірткілік масаң күйде басқарғаны да белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алғашқы дерек бойынша, ер адам тұрғын үй ауласында ұзақ уақыт бойы тұрған Mazda Cronos автокөлігін байқаған. Көлікке қатысты ешқандай заңды құқығы болмаса да, ол мобильді қосымша арқылы эвакуатор шақырып, машинаны алып кеткен.

"Кейін автокөлікті металлоломға өткізіп, одан 35 мың теңге алған. Осы әрекетімен көлік иесіне шамамен 1 млн теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген. Арада бір апта өткен соң күдікті тағы да қылмыс жасаған. Қонақта болған кезінде ол кіреберісте тұрған Lada 21703 автокөлігінің кілтін байқап, оны иемденіп, көлікті рұқсатсыз айдап кеткен. Патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті тоқтатқан кезде жүргізушінің көлік басқару құқығынан жеті жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның ағзасында каннабиноидтар бары анықталып, есірткілік масаң күйде көлік басқарғаны расталды. Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды". ҚР ІІМ баспасөз қызметі

Полиция бөтеннің мүлкін заңсыз иелену және көлік құралын масаң күйде басқару заңда белгіленген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: