Қазақстанда білім дипломдарына апостиль қою ережелері өзгертілді

Студенты, выпускники вузов, вручение дипломов, диплом о высшем образовании, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.08.2026 17:43 Фото: gov.kz
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушы 2026 жылғы 11 тамыздағы бұйрығымен Қазақстанда дипломға апостиль алу тәртібі жаңарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекеттік қызметті алу үшін "электрондық үкімет" веб-порталы немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мына құжаттарды ұсыну қажет:

  • өтініш;
  • жеке басын куәландыратын құжат немесе жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисі арқылы берілетін цифрлық құжат;
  • апостиль қойылатын құжаттың түпнұсқасы;
  • төлем жасалғанын растайтын түбіртектің түпнұсқасы.

Портал арқылы:

  • көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат түріндегі сұрау;
  • апостиль қою үшін ұсынылған құжаттың электрондық көшірмесі беріледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар және көрсетілетін қызметті алушының бюджетке алым сомасын төлегенін растайтын мәліметтерді (төлем Бірыңғай төлем шлюзі арқылы жасалған жағдайда) қызмет беруші және Мемлекеттік корпорацияның қызметкері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы заңда өзгеше көзделмесе, цифрлық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:

  • Орталықтың кеңсесі құжаттар түскен күні оларды электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде 1 жұмыс күні ішінде тіркеп, жауапты құрылымдық бөлімшеге береді;
  • жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы құжаттарды 1 жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге тапсырады;
  • жауапты қызметкер құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттардың толықтығын тексереді. Құжаттар толық ұсынылмаған немесе олардың қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда, көрсетілген мерзімде дәлелді бас тарту жобасын дайындайды;
  • құжаттар толық болған жағдайда, жауапты қызметкер 3 жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы тексереді;
  • қажетті мәліметтер жүйеде болмаған жағдайда, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін сұрау жіберіледі. Ұйым жауапты 7 жұмыс күні ішінде береді;
  • білім алудың тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымында болғаны расталған жағдайда жауапты қызметкер 1 жұмыс күні ішінде құжаттарды қызмет берушіге жібереді.

Құжаттар қызмет берушіге түскен сәттен бастап қызмет беруші 4 жұмыс күні ішінде құжаттарға апостиль қояды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негіздері болған жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға дәлелді бас тарту жібереді.

Қызмет берушінің басшысы немесе уәкілетті тұлғасы құжаттарға қол қойғаннан кейін жауапты қызметкер 1 жұмыс күні ішінде оларды апостиль қоюға ұсынылған құжаттарды тіркеу кітабына тіркейді. Содан кейін мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын дайын құжаттарды немесе дәлелді бас тартуды курьер немесе Орталықтың пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға тапсыру үшін жібереді.

Портал арқылы жүгінген кезде:

  • Орталықтың кеңсесі құжаттар түскен күні оларды электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде 1 жұмыс күні ішінде тіркеп, жауапты құрылымдық бөлімшеге береді;
  • жауапты құрылымдық бөлімше 2 жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың толықтығын тексереді. Порталдағы барлық жолдар дұрыс толтырылып, қосымшалар дұрыс тіркелген болса, төлем жасауға жібереді.

Егер көрсетілетін қызметті алушы төлем жасамаса қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.

  • төлем жасалғаннан кейін жауапты қызметкер 3 жұмыс күні ішінде білім туралы құжаттардың түпнұсқалығын ғылым және жоғары білім саласындағы уәкілетті органның цифрлық жүйесі арқылы тексереді;
  • қажетті мәліметтер болмаған жағдайда тиісті жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттардың түпнұсқалығын растау үшін сұрау жібереді. Жауап 7 жұмыс күні ішінде берілуі тиіс;
  • білім алғаны расталған жағдайда жауапты қызметкер 1 жұмыс күні ішінде порталдағы көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" апостиль қою үшін құжаттардың түпнұсқаларын 4 жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының орналасқан жері бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы ұсыну қажеттігі туралы хабарлама жібереді;
  • немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіздер болған жағдайда дәлелді бас тарту жібереді.

Қызмет берушінің жауапты қызметкері апостиль қойылатын құжаттарға басшы немесе уәкілетті тұлға қол қойғаннан және олар тіркеу кітабына енгізілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде бір тәулік бұрын дайын құжаттарды курьер немесе Орталықтың пошта байланысы арқылы Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

Қызмет беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері туралы мәліметтердің мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің цифрлық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері:

  • көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың немесе олардағы мәліметтердің дұрыс еместігі анықталса;
  • мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтер 1961 жылғы 5 қазандағы Шетелдік ресми құжаттарды заңдастыру талабын жоятын Гаага конвенциясында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;
  • мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажет қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге көрсетілетін қызметті алушының келісімі болмаса.

Бұйрық 2026 жылғы 29 тамыздан бастап күшіне енеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: