Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025-2026 оқу жылына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырды
Фото: Zakon.kz
Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 5 маусымдағы бұйрығымен 2025-2026 оқу жылына жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Атап айтқанда, келесілер бекітілді:
- Магистрлерді даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
- Ғылыми, педагогикалық және мамандандырылған магистратура бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесі;
- PhD докторларын даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы.
Осылайша, магистрлерді дайындайтын жоғары оқу орындарының тізіміне келесі мамандықтар кіреді:
- Педагогика және психология – 32 ЖОО;
- Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу – 12 жоғары оқу орны;
- Пәндік мамандығы жоқ мұғалімдерді даярлау – 18 ЖОО;
- Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау – 15 ЖОО;
- Құқық және экономика негіздері – 2 жоғары оқу орны;
- Математика мұғалімдерін даярлау – 24 ЖОО;
- Физика мұғалімдерін даярлау – 22 ЖОО;
- Информатика мұғалімдерін даярлау – 27 ЖОО;
- Химия мұғалімдерін даярлау – 24 ЖОО;
- Биология мұғалімдерін даярлау – 24 ЖОО;
- География мұғалімдерін даярлау – 17 ЖОО;
- Тарих мұғалімдерін даярлау – 20 ЖОО;
- Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 28 жоғары оқу орны;
- Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау – 23 жоғары оқу орны;
- Шет тілі мұғалімдерін даярлау – 31 ЖОО;
- Әлеуметтік қызметкерлерді даярлау – 4 ЖОО;
- Сән, дизайн – 10 университет;
- Философия және этика – 7 университет;
- Тарих – 16 университет;
- Аударма, ілеспе аударма – 12 университет;
- Филология – 16 жоғары оқу орны;
- Саясаттану және конфликтология – 8 университет;
- Халықаралық қатынастар – 13 университет;
- Психология – 17 ЖОО;
- Журналистика және репортаж – 10 ЖОО;
- Экономика – 47 ЖОО;
- Мемлекеттік және жергілікті басқару – 29 ЖОО;
- Менеджмент – 46 ЖОО;
- Аудит және салық салу – 29 ЖОО;
- Қаржы, банк және сақтандыру – 39 ЖОО;
- Заң – 38 ЖОО;
- Қоршаған ортаны қорғау технологиясы – 23 ЖОО;
- Ақпараттық технологиялар – 44 ЖОО;
- Жылу энергетикасы – 12 жоғары оқу орны;
- Энергетика және электротехника – 24 ЖОО;
- Көлік, көлік техникасы және технологиялары – 19 ЖОО;
- Ғарыштық инженерия – 4 университет;
- Қоғамдық денсаулық сақтау – 10 ЖОО;
- Медицина – 11 ЖОО;
- Туризм – 14 ЖОО;
- Азық-түлік өндірісі – 12 ЖОО;
- Құрылыс – 14 жоғары оқу орны, сондай-ақ басқа да мамандықтар.
Бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрлігі ЖОО-ға қабылдау ережесін жаңартқанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript