Полиция қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін анықтау әдістері бекітілді

Полиция, полицейский, полицейские, патрульная полиция, патруль, сотрудники полиции, правоохранительные органы, погоны, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.08.2026 16:33 Фото: polisia.kz
Ішкі істер министрі 2026 жылғы 24 тамыздағы бұйрығымен ҚР ішкі істер органдары әскери қызметшісінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін анықтау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу қағидалары мен әдістерін бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, әскери қызметшінің кәсіби құзыреттерін, негізгі көрсеткіштерін анықтау және бәсекеге қабілеттілік көрсеткішін (цифрлық рейтингін) есептеу талдау және синтез әдістерін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

Талдау әрбір критерийді жеке-жеке қарастыру және кейіннен әскери қызметшінің рейтингіне балл беру арқылы жүргізіледі.

Синтез әскери қызметшінің рейтингі бойынша қорытынды балл алуға мүмкіндік беретін барлық критерийлерді талдау нәтижелерін біріктіру арқылы жүзеге асырылады.

Әскери қызметшілердің кәсіби құзыреттері

Әскери қызметшінің кәсіби құзыреттері мынадай лауазымдар бойынша белгіленеді:

  • сержанттар құрамына;
  • офицерлер құрамына.

Оң және теріс критерийлер айқындалды.

Білімі:

Сержанттар құрамы үшін

  • орта білім – 0,25 балл;
  • техникалық және кәсіптік білім – 0,5 балл;
  • техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламасы бойынша әскери білім (әскери колледждер) – 1 балл;
  • жоғары білім – 1 балл;
  • магистратура – 0,5 балл;
  • жедел-тактикалық деңгейдегі магистратура – 0,5 балл.

Офицерлер құрамы үшін

  • жоғары білім – 1 балл;
  • магистратура – 0,5 балл;
  • PhD докторы – 1 балл;
  • ғылым кандидаты – 0,5 балл;
  • ғылым докторы – 1 балл;
  • жедел-тактикалық деңгейдегі магистратура – 0,5 балл;
  • жедел-стратегиялық деңгейдегі магистратура – 1 балл.

Теріс критерийлер

Тәртіптік жазалар (ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, қызметтік толық сәйкес еместігі туралы ескерту, лауазымын төмендету) – әрбір жазалау үшін минус 0,25 балл, ал төрт және одан көп тәртіптік жаза болған жағдайда – минус 1 балл. Олар салынған сәттен бастап бір жылдан аспайтын белгіленген мерзім ішінде есепке алынады.

Мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар және қызметтік әдепті бұзу (мерзімі шектелмейді) – әрбір теріс қылық үшін минус 0,5 балл, төрт және одан көп болған жағдайда – минус 1 балл.

Аттестаттаудың теріс нәтижелері.

  • Қызметтен босатылу туралы мәліметтер (тексеру нәтижелері бойынша әскери қызметтен босатылу, өз еркімен босатылу, тәртіптік жаза тәртібімен босатылу, аттестаттау шешімі бойынша босатылу) – минус 1 балл.
  • Өкімге шығару (өкімде екі айдан астам болу) – минус 0,5 балл.
  • Құқық бұзушылықтар (лауазымды тұлғаға салынған әкімшілік жазалардың әрқайсысы үшін – минус 0,5 балл, үш және одан көп болған жағдайда – минус 1,5 балл).
  • Қылмыстық құқық бұзушылық – минус 2 балл.

Бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: