Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен шақалақ табылды. Күдікті әйел ұсталды
Сурет: pexels
Жамбыл облысында жаңа туған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған әйел ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жамбыл облысының Қордай ауданында полицейлер жаңа туған қыз баланы қоқыс контейнеріне тастады деген күдіктіні ұстады. 2 қыркүйекте таңертең жылтыр пакеттің ішінен сәби табылып, сол күні құқық қорғау органдары болжамды ананың жеке басын анықтады.
"Жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында полиция қызметкерлері жаңа туған нәрестені қауіпті жағдайда қалдырған әйелді аз уақыт ішінде анықтады. Әйел полиция бөліміне жеткізіліп, өз кінәсін мойындау түрінде куәлік берді", – деді Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары жан-жақты әрі толыққанды сотқа дейінгі тергеу нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданатынын атап өтті.
ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.
Бұған дейін нәрестенің Қордай аудандық орталық ауруханасының босану бөліміне жатқызылғаны хабарланған болатын. Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, шақалақтың жағдайы орташа ауыр деп бағаланады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript