Шикі газды жағуға рұқсат алу ережелері өзгерді
Сурет: pexels
Атап айтқанда, өтініш түскен күні көмірсутек саласындағы уәкілетті органның кеңсе қызметкері құжаттарды қабылдап, тіркейді және тіркелген құжаттарды жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысына береді. Ол өз кезегінде құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысын айқындайды.
Егер мемлекеттік қызмет көрсету туралы өтініш көмірсутек саласындағы уәкілетті органның жұмыс күні аяқталуына екі сағат қалғанда түссе, қызмет көрсету мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.
Өтініш беруші құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде өтініштің қабылданғанын растайтын белгі өтініш берушінің "жеке кабинетінде" көрсетіледі.
Жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көмірсутек саласындағы уәкілетті орган "цифрлық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік цифрлық жүйелерден алады.
Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган мынадай жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсету процесін тоқтата тұрады:
- азамат қайтыс болған (оның ішінде қайтыс болды деп жарияланған) немесе заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, таратылған жағдайда, егер өтініш берушілердің тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді алу құқықтары құқықтық мирасқорлыққа жол берсе;
- азамат Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танылған жағдайда;
- мемлекеттік қызметті көрсету мүмкін болмай, мәселе мемлекеттік органдарда, сотта немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге тәртіппен қаралып жатқан жағдайда;
- өтініште немесе өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер немесе дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны бойынша талаптарға сәйкес келмеген, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесі:
- жоғарыда аталған тармақтың төртінші бөлігінің 1 және 2) тармақшаларында көзделген жағдайларда – тиісті тұлғаның құқықтық мирасқоры анықталғанға немесе әрекетке қабілетсіз тұлғаға қамқоршы тағайындалғанға дейін;
- төртінші бөліктің 3) тармақшасында көзделген жағдайларда – мемлекеттік орган өз ұстанымын айқындағанға, сот актісі заңды күшіне енгенге немесе мәселе республика заңнамасында көзделген өзге тәртіппен шешілгенге дейін;
- төртінші бөліктің 4) тармақшасында көзделген жағдайларда – ұңғыма объектілерін сынау кезінде 6 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге, ал кен орнын тәжірибелік пайдалану және шикі газды технологиялық тұрғыдан сөзсіз жағу кезінде 1 жұмыс күнінен аспайтын мерзімге тоқтатылады.
Көмірсутек саласындағы уәкілетті орган өтініш берушінің өтініші бойынша немесе өз бастамасымен мемлекеттік қызмет көрсету процесін мынадай жағдайларда тоқтата тұрады:
- мемлекеттік қызмет көрсету процесін уақытша жалғастыруға кедергі келтіретін еңсерілмейтін күш жағдайлары туындаған кезде. Мұндай жағдайларға төтенше жағдай режимінің енгізілуі, табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың туындау қаупі немесе оның орын алуы жатады;
- өтініш беруші қызмет көрсету мерзімінен ұзақ уақытқа іссапарда немесе медициналық ұйымда стационарлық ем қабылдап жатқан жағдайда. Бұл ретте мемлекеттік қызметті оның заңды өкілдері алған жағдайлар бұған жатпайды.
Өтініште немесе өтініш беруші ұсынған құжаттарда қателер мен дәлсіздіктер анықталған, олардың нысаны мен мазмұны белгіленген талаптарға сәйкес келмеген немесе құжаттардың толық пакеті ұсынылмаған жағдайда көмірсутек саласындағы уәкілетті орган өтініштерді цифрлық кезек парағы арқылы қабылдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін тоқтата тұру көмірсутек саласындағы уәкілетті орган өтініш берушіге мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберген күннен басталады.
Құжаттарды қайта ұсыну өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойғаннан кейін жүзеге асырылады. Бұл ретте ұңғыма объектілерін сынау кезінде – уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету процесінің тоқтатылғаны туралы хабарлама жіберген күннен бастап 6 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал кен орнын тәжірибелік пайдалану және шикі газды технологиялық тұрғыдан сөзсіз жағу кезінде – 1 жұмыс күнінен кешіктірмей құжаттарды қайта тапсыруы қажет.
Егер өтініш беруші анықталған кемшіліктерді жойса, мемлекеттік қызметті алу үшін өтініштің немесе құжаттардың қабылданған күні өтініш берушінің бастапқы жүгінген күні болып есептеледі.
Егер анықталған кемшіліктер көрсетілген мерзімде жойылмаса, көмірсутек саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
Ұңғыма объектілерін сынау кезінде шикі газды алауларда жағуға рұқсат алу үшін өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, көмірсутек саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан 6 жұмыс күні ішінде қарайды.
Кен орнын тәжірибелік пайдалану және шикі газды технологиялық тұрғыдан сөзсіз жағу кезінде шикі газды алауларда жағуға рұқсат алу үшін өтініш беруші құжаттардың толық пакетін ұсынған жағдайда, көмірсутек саласындағы уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері оларды осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан 2 жұмыс күні ішінде қарайды.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартылған жағдайда тыңдау жүргізілмейді.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көмірсутек саласындағы уәкілетті органның немесе оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасау үшін шағым өтініш беруші әкімшілік актінің қабылданғаны немесе уәкілетті органның әрекеті (әрекетсіздігі) жасалғаны туралы білген күннен бастап 3 айдан кешіктірілмей беріледі.
Шағым:
- шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға немесе лауазымды тұлғаға);
- мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға;
- мемлекеттік қызметті тікелей көрсететін көмірсутек саласындағы уәкілетті органның басшылығына беріледі.
Бұйрық 2026 жылғы 13 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.