Алматыда полицейлер ірі көлемдегі есірткі саудасының жолын кесті

Полиция, Алматы, арнайы операция, есірткі саудасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.09.2026 17:28 Сурет: polisia.kz
Алматының Жетісу ауданында Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері патрульдік полицияның көмегімен есірткі затын өткізу фактісінің жолын кесуге бағытталған арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылы 6 қыркүйекте Алматы қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жекеменшік секторда есірткі затын, алдын ала болжам бойынша марихуана сатып алған ер адам ұсталды.

"Көп ұзамай жедел қызметкерлер аталған есірткіні өткізді деген күдікке ілінген адамды да ұстады. Оның үйін тінту барысында құрамында есірткі заты бар бір жарым келіден астам зат анықталып, тәркіленді. Ұсталған азаматтың бұған дейін де есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта жедел қызметкерлер есірткінің жеткізу және өткізу арнасын, сондай-ақ ұсталған азаматтың ықтимал сыбайластарын анықтап жатқаны нақтыланады.

Бұған дейін Алматыда жол апатына ұшыраған Damas бір бүйіріне қарай аударылып қалғаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: