Қазақстанда ауқымды цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу стратегиясы қалай жүзеге асырылады

Искусственный интеллект, ИИ, AI, интеллектуальные компьютерные программы, интеллектуальная компьютерная программа, современные технологии, цифровизация , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2026 09:16 Фото: pixabay
Үкіметтің 2026 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен 2029 жылға дейінгі ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізу жөніндегі "Digital Qazaqstan" жалпыұлттық стратегиясын іске асыруға арналған іс-қимыл жоспары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жоспар цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні енгізудің үш негізгі бағытын қамтиды. Олар – азаматтардың, бизнес пен экономиканың мүддесі үшін, сондай-ақ мемлекеттік аппаратта цифрлық технологияларды дамыту.

Бірінші бағыт. Азаматтардың мүддесі үшін цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу аясында:

  • азаматтың бірыңғай цифрлық профилін қалыптастыру;
  • жасанды интеллект көмегімен дербестендірілген оқытудың бірыңғай платформасын құру;
  • педагогтер мен оқытушыларды жасанды интеллектімен жұмыс істеуге жүйелі түрде даярлау (OpenAI GPT Edu);
  • ұлттық зерттеу ЖИ-университетін құру (AI-Enabled University);
  • AI-Sana инновациялық бағдарламасын дамыту;
  • еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту және қайта даярлауды ұйымдастыру;
  • цифрлық жұмыспен қамту қызметін құру;
  • ұлттық бағалау жүйесін жаңғырту және жасанды интеллект технологиялары негізінде жаңа форматтағы Admissions Insight Test емтиханын әзірлеу;
  • ғылым мен инновациялардың цифрлық порталын дамыту;
  • "Қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры" мемлекеттік цифрлық жүйесін құру;
  • жасанды интеллект технологиялары мен жоғары оқу орындарының цифрлық ұлттық рейтингін қолдана отырып, қаржыландыру моделін енгізуді қамтитын "Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы 2.0" жүйесін құру көзделген.

Осы бағыт аясында денсаулықты басқарудың бірыңғай цифрлық жүйесі де қалыптастырылады. Ол:

  • бірыңғай цифрлық медициналық профиль құруды;
  • денсаулықты басқаруға арналған дербес цифрлық сервистерді (self-service) енгізуді;
  • телемедицинаның функционалын кеңейтіп, оны дамытуды;
  • клиникалық ЖИ-ассистенттерді енгізу арқылы азаматтарға жоғары дәлдіктегі диагностикаға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуді;
  • медициналық көмекті интеллектуалды жоспарлау жүйесін енгізуді;
  • дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етудің толассыз цифрлық есебін құруды;
  • медициналық қызметтер мен төлемдердің толассыз цифрлық есебін қалыптастыруды қамтиды.

Сонымен қатар өмір сүру мен дамуға арналған заманауи әрі тұрақты орта қалыптастыру жоспарланып отыр. Бұл ретте:

  • "Smart City" жүйесін құру жөніндегі бастамаларды іске асыру;
  • тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласының цифрлық ашықтығын қамтамасыз ету үшін Smart Turmys жобасын кеңейту;
  • жасанды интеллектіні қолдану арқылы жол және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін интеллектуалды басқару жүйелерін дамыту;
  • Urban Digital Twin – аумақтық жоспарлаудың цифрлық құралдарын құру;
  • өңірлердегі цифрлық ахуалдық орталықтарды ЖИ технологияларының көмегімен жаңғырту;
  • телекоммуникациялық инфрақұрылым мен цифрлық байланысты дамыту көзделген.

Мемлекеттік қызметтер мен әлеуметтік қолдаудың цифрлық экожүйесін қалыптастыру да қарастырылған. Оның аясында:

  • eGov GPT әмбебап ЖИ-ассистентін құру;
  • халыққа қызмет көрсету орталықтарын күрделі өмірлік жағдайлар мен стандарттан тыс мәселелерді шешуге бағытталған цифрлық кеңселерге айналдыру;
  • отбасының цифрлық картасын дамыту;
  • халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай цифрлық платформасын кеңейту;
  • "Әлеуметтік әмиян" платформасы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын кеңейту;
  • қоғамдық маңызы бар қызметтердің тізбесін толықтыру көзделген.

Екінші бағыт. Бизнес пен экономиканың мүддесі үшін цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мынадай міндеттерді қамтиды:

  • энергетикалық кешенді цифрландыру;
  • өнеркәсіп пен құрылыс саласын цифрландыру;
  • көлік пен логистиканы цифрландыру;
  • агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру;
  • шағын және орта бизнесті цифрландыру және цифрлық комплаенсті енгізу;
  • салықтық әкімшілендірудің интеллектуалды моделін, яғни "көрінбейтін" салықтық әкімшілендіру жүйесін құру;
  • қаржы секторын цифрландыру, оның ішінде цифрлық қаржы активтері мен Web3 технологияларын және алаяқтыққа қарсы жүйені дамыту;
  • қаржы нарығындағы қадағалау деректері мен технологияларын дамыту;
  • квазимемлекеттік компанияларды цифрландыру;
  • бәсекеге қабілетті IT-индустрияны дамыту;
  • роботтандыру және автономды шешімдерді енгізу арқылы жаңа экономиканы қалыптастыру;
  • деректер экономикасын дамыту;
  • деректерді өңдеу орталықтарының алқабын (AI Hub) қалыптастыру.

Үшінші бағыт. Мемлекеттік аппаратты цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мынадай міндеттерді қамтиды:

  • мемлекеттік сектордағы киберқауіпсіздікті күшейту;
  • жасанды интеллект көмегімен мемлекеттік қызметтер көрсету мен мемлекеттік функцияларды орындаудың негізгі толассыз процестеріне реинжиниринг жүргізу;
  • мемлекеттік IT-жүйелерді QazTech платформасына көшіру және шоғырландыру;
  • мемлекеттік қызметшінің бірыңғай цифрлық жұмыс орнын енгізіп, оны негізгі мемлекеттік ақпараттық жүйелермен интеграциялау;
  • мемлекеттік қызметшілерге арналған G2G, G2B және G2C форматындағы ЖИ-ассистенттерді енгізу;
  • жасанды интеллектіні қолдану арқылы мемлекеттік лауазымдарға кадрлар іріктеу;
  • ұлттық реттеуші "құм алаңдарының" бақыланатын ортасында инновациялық шешімдерді сынақтан өткізу;
  • "e-Өтініш" цифрлық сервисінің AI-агентін құру және жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, аталған сервис базасында жүйелі әрі қоғамдық маңызы бар мәселелер тізілімін жүргізу.

Қаулы 2026 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл маусым айында ауқымды цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу жөніндегі жалпыұлттық стратегияны бекіткені хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: