Білім беру ұйымдарында қызметкерлердің дербес деректерін заңсыз жариялау фактілері анықталды

Дербес деректер, киберқауіпсіздік, білім беру ұйымдары, Қызылорда облысы, Шиелі, прокуратура , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2026 12:41 Сурет: unsplash
Қызылорда облысында прокуратура жүргізген тексеру барысында білім беру ұйымдарында қызметкерлердің дербес деректерін заңсыз жариялау фактілері анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шиелі аудандық прокуратурасымен жүргізілген қадағалау барысында білім беру ұйымдарында қызметкерлердің дербес деректерін заңсыз жариялау фактілері анықталды. Мемлекеттік сатып алу порталында медициналық тексеру қызметтерін сатып алуға қатысты құжаттарда бірқатар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне қатысты дербес мәліметтер ашық орналастырылған.

"Аталған заң бұзушылықтар 7 білім беру ұйымында анықталып, нәтижесінде 529 қызметкердің еңбек құқықтарына нұқсан келтірілген", делінген хабарламада.

Прокуратураның қадағалау актісі негізінде дербес деректерді қамтитын мәліметтерді мемлекеттік сатып алу порталынан жою бойынша тиісті шаралар қабылданғаны, сонымен қатар, дербес деректерді заңсыз жариялаған білім беру ұйымдарының басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны да нақтыланады.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: