Қостанай облысында бұрынғы әйелімен жанжалдасқан ер адам жауапқа тартылды

Төбелес, Қостанай облысы, Мичуринск, бұрынғы әйелі, ер адам, қамауға алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 16:47 Сурет: pexels
Қостанай ауданының Мичуринское ауылында бұрынғы жұбайымен жанжалдасқан ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

9 қазанда учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжал бойынша келіп түскен хабарламаға байланысты оқиға орнына барды. Ол арада мас күйінде болған ер адам полиция қызметкерінің заңды талаптарын орындаудан бас тартты.

Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сот шешімімен ер адам қамауға алынып, әкімшілік қамауға алынғандарды қабылдайтын арнайы орынға жеткізілді.

Бұған дейін Алматы-Қорғас тас жолында камераға қарап, әдепсіз қимыл көрсеткен жүргізуші сотқа тартылғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: