Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Тапанша, Алматы, әйел, Райымбек, ұсталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.10.2026 19:35 Сурет: Zakon.kz
Алматыда өзімен бірге тапанша алып жүрген әйел ұсталды. Одан 9 мм калибрлі тапанша мен бес оқ табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, кешкі сағат 17-00 шамасында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Жетісу ауданында, Райымбек даңғылының бойында әйелді ұстаған. Тексеру кезінде одан тапанша мен бес оқ табылып, тәркіленді.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды осыдан бір-екі сағат бұрын Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінен тауып алған.


"Алайда бұл мәлімет әлі тексерілуі керек. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Әйелдің әрекетіне заң аясында баға беріледі", деп нақтылайды полициядан.

Бұған дейін Қазақстанда жоғалған қарулар жасырылған орындар әлі де анықталып жатқаны хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: